Облыстық «Жас еңбек адамы – 2025» байқауы мәресіне жетті

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткен облыстық «Жас еңбек адамы – 2025»байқауы өз мәресіне жетті. Сайыстың соңғы кезеңі Бәйдібек ауданында өтті, —  деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жастар арасында жұмысшы мамандықтардың беделін арттырып, кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауға 80-ге жуық студенттер мен жас кәсіпкерлер қатысты. Сайыс барысында қатысушылар өз мамандықтарына сәйкес шеберліктерін көрсетіп, түрлі тапсырмаларды орындады. Жұмыс сапасы орындау техникасы, креативтілік және қауіпсіздік талаптарын сақтау критерийлері бойынша бағаланды.

Облыстық байқаудың жабылу салтанатына Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев қатысып, үздіктерді марапаттады.

Байқау қорытындысымен «Үздік аспаз» және «Үздік дәнекерлеуші» номинацияларын Қазығұрт ауданынан келген Меруерт Дәулетжан және Ақжол Мирасбек иеленсе, бәйдібектік Азиза Әбділдабекқызы «Қолөнер шебері», Нұрғиса Дөңбаев «Ағаш ұстасы», Нұрлыай Жақсылық «Бет әрлеуші» номинациялары бойынша үздік атанды. «Үздік сылақшы» номинациясын Келес ауданынан келген Азамат Лесбай жеңіп алса, «Үздік тас қалаушы» қазығұрттық Бекарыс Оразалы, «Үздік шаштараз» отырарлық Бейбіт Асанова, «Үздік сантехник» Созақ ауданының тумасы Бекарыс Өміртай, «Үздік шиномонтаж шебері» сарыағаштық Нұрбақыт Қобланбек атанды.

Жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазығұртта «Көреген ене, ибалы келін» атты сайыс өтті

Ордабасыда жылына 14 мың тонна ұн өнімін өндіретін кәсіпорын ашылды

berdaly_oraz

Төлебиде биыл жылына 90 мың дана жұмыс киімін дайындайтын тігін фабрикасы іске қосылады

Пікір жазу