Шымкентте жүргізуші куәлігін сатқан қылмыстық топ ұсталды

Шымкентте жүргізуші куәлігін сатқан қылмыстық топ ұсталды, — деп хабарлайды Arysinfo.Kz.

Салдарынан 500-ден астам адам заңсыз жолмен жүргізуші куәлігін алған.

«Тергеу барысында 2023–2024 жылдар аралығында ХҚКО-ның басшылығы Ж.Р.Мурашимов пен бірге бірқатар лауазымды тұлға жүргізуші куәлігін алу рәсімін теориялық және практикалық емтихандардан өтпей заңсыз алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Бұл «қызмет» үшін азаматтардан 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін ақша алынған», — делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Сот санкциясымен 12 күдікті ұсталды, олардың 200 млн теңгеден астам сомаға бағаланған мүлкіне — 2 жеке үй, 2 пәтер, 2 жер телімі және 10 автокөлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ӨЗБЕК ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ

Redaktor Arysinfo

Түркістан қаласының Бас жоспары қайта қаралады

berdaly_oraz

Түркістан облысында мұғалімдерге арналған психологиялық қолдау кабинеттері ашылды

berdaly_oraz