Түркістан облысының жастары “Qaisar-2025” патриоттық ойындарында жүлделі орынға ие болды

Түркістан облысының жастары “Qaisar-2025” патриоттық ойындарында жүлделі орынға ие болды,-деп жазады Arysinfo.kz тілшісі.

Түркістан облысының намысын қорғаған команда “Qaisar-2025” әскери-патриоттық ойындарында екінші орынды жеңіп алды! Екі күнге созылған жарыста өңірдің қайсар жастары мергендік, ұлттық спорт түрлері, түрлі эстафеталар мен кедергілер жолынан өтіп, әскери-тарихи білімдерін де сынға салды.

Жалпы командалық есеп бойынша:

  • 1-орын – Қарағанды облысы,
  • 2-орын – Түркістан облысы,
  • 3-орын – Шымкент қаласы.

Бұл жарыс – жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухты нығайтудың тамаша үлгісі. Түркістан жастарының жігері мен табандылығы өз нәтижесін беріп, олар облыс абыройын биікке көтерді.

Жүлдегер команданы шын жүректен құттықтаймыз! Ерлік пен елдік жолында алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіздер!

Ұқсас жаңалықтар

Бокстан әлем кубогында Түркістан облысының 2 спортшысы жүлдегер атанды

Альфия Адамбек

Түркістанда 22 жасөспірім сушиден уланып, ауруханаға түсті

berdaly_oraz

Түркістан: Жетісайда жаңа өндірістер ашылып, 1200 адам жұмыспен қамтылмақ