Шымкентте ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді

 

Шымкент қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Абай атындағы саябақтағы «Даңқ» мемориалында гүл қою рәсімі өтті. Бұл шара майданда қаза тапқан батырларды еске алып, олардың ерлігін ұлықтауға арналды.

Мемориал маңына ардагерлер, қала тұрғындары, жастар және қоғам белсенділері жиналып, бір минут үнсіздікпен Отан үшін жанын қиған ерлерге тағзым етті. Шараға қатысқан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков гүл шоғын қойып, ардагерлерге алғыс білдіріп, олардың ерлігі — ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

Рәсім аясында соғыс жылдарындағы ерлік пен тылдағы жанкешті еңбекті бейнелейтін музыкалық-театрландырылған қойылым ұсынылды. Шымкент тұрғындары ардагерлерге ризашылық білдіріп, тарихты сақтау – баршамыздың парызымыз екенін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОРТАЛЫҚТАР МЕН МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР САЛЫНАДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,7 МИЛЛИОН АДАМ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ҚАМТЫЛҒАН

berdaly_oraz

Мұғалім – құрылысшы емес!

Redaktor Arysinfo