2025 жылдың 21 мамырынан бастап Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз грант алуға өтінім қабылдау басталады. Гранттың көлемі – 400 АЕК немесе 1 572 800 теңге.
Бұл қолдау әлеуметтік осал топтарға өз ісін бастауға мүмкіндік беру мақсатында ұсынылады. Әр үміткер грантты тек бір рет ала алады.
Өтінім беру тәртібі:
- Порталда тіркелу;
- Грант талаптарына сәйкестіктен өту;
- Бизнес-жобаны жүктеп, толтырып, ЭЦҚ арқылы растау.
Интернетке немесе техникаға қолжетімділік болмаса, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтініш беруге болады.
Грантқа кімдер үміткер бола алады:
- Жұмыссыз ретінде тіркелгендер;
- Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 3 жылдан аспағандар;
Әлеуметтік санаттар:
- Еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдар;
- «Кандас» мәртебесі барлар;
- Өңіраралық қоныс аударушылар;
- АӘК алушы отбасылар;
- Көпбалалы отбасы мүшелері;
- Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар;
- Асыраушысынан айырылған жандар.