АРЫС: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕЛЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Арыс қалалық мәдениет үйінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық, оларға зорлық-зомбылық, ерте жүктілік фактілерінің және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу шаралары бойынша келелі жиын өтті.
Жиынға қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев, Арыс аудандық прокуратурасының прокуроры Қуаныш Анарбай, қалалық білім бөлімі басшысы Әшімхан Момбеков, Арыс аудандық орталық аурухананың басшысы Марат Төлегенов, діни қызметкерлер, қала тұрғындары мен колледж және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Жиын барысында Арыс аудандық прокуратурасының прокуроры Қуаныш Анарбай баяндама жасады. Ол жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтарды азайту үшін кешенді шаралар жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Прокурор құқық қорғау органдары мен қоғам бірлесіп жұмыс істесе ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болатынын баса айтты.
Бұдан кейін Арыс қаласының білім бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков сөз сөйлеп, мектептерде тәрбие жұмысын күшейту қажеттігін айтты. Ол ата-аналар мен ұстаздар арасындағы өзара байланысты нығайту арқылы балалардың тәртібіне оң әсер етуге болатынын жеткізді.
Сондай-ақ, Арыс аудандық орталық ауруханасы басшысының ана мен бала денсаулығы ісі жөніндегі орынбасары Гүлжамила Қасымбекова баяндама жасады.
Әрі қарай жиын сұрақ-жауапға ұласып, ұстаздар мен ата-аналар тарапынан ұсыныс-тілектер айтылды. Жиынды қорытындылаған қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев барлық қатысушыларға атқарылатын шаралардың нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды. Ол жасөспірімдердің құқықтары мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында барлық жауапты мекемелердің бірлескен жұмысы жалғасуы керектігін атап өтті.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жазғы лагерьлерге 40 мың бала барады

berdaly_oraz

Ресей Қазақстанды газбен қамтамасыз ету үшін жаңа құбыр салуды жоспарлап отыр

berdaly_oraz

Шардара: Аудан әкімі Тыл ардагерлерін құттықтады

Пікір жазу