Шымкентте еріктілер тыл еңбеккерінің жылдар бойы қараусыз қалғанын анықтады

Шымкент қаласында еріктілер тыл еңбеккері болып табылатын қарт әйелдің лас әрі адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқанын анықтады. Instagram желісінде жарияланған видеода қарт адамның нәжіс пен тарақандар басқан антисанитарлық үйде тұрып жатқаны көрсетілген.

Еріктілердің айтуынша, әжейдің зейнетақысын туысы алып отырғанымен, оған күтім жасамайды және қарттар үйіне орналастыруға қарсы болған. Сонымен қатар Жеңіс күніне орай берілген марапат пен ақшалай көмекті де туысы алған болуы мүмкін деген дерек айтылды.
«Егер әпкесі күтім жасамаса, бірақ зейнетақыны алса, бұл қалай аталады?» — деп жазды еріктілер, жергілікті билікті бұл жағдайға назар аударуға шақырып.

Әлеуметтік желіде бұл жағдай қоғам наразылығын тудырып, қолданушылар қарт адамға лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуді талап етті.
Жазба астындағы пікірлерге жауап берген Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілі Мария Понамарёва қарт әйелдің қазіргі уақытта әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылғанын, онда тиісті күтім мен көмекті алып жатқанын хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

«800 мың теңге бопсалаған» Друг-вокруг арқылы танысқан жігіт қыздардың құрған қақпанына түсіп қалды

berdaly_oraz

Алгоритм действий

Redaktor Arysinfo

Жалақы өссе де, халықтың жағдайы шынымен жақсара ма? 2029 жылға дейінгі үлкен сынақ

Redaktor Arysinfo