АҚДАЛА АУЫЛЫНДА АШЫҚ ДИАЛОГ: ӘКІМ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев Ақдала ауылының халқымен кездесіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Мәдениет үйінде өткен жиынға қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, жауапты сала басшылары мен жергілікті тұрғындар қатысты. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, ашық пікір алмасу алаңына айналды.

Ауылдағы инфрақұрылым жақсара түседі

Ақдалада «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бірқатар маңызды жобалар қолға алынған. Қазіргі таңда ауылда жаңа спорт залдың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр, нысан биыл пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, ауылішілік Ақниет-1, Ақниет-2 және Парасат көшелеріне асфальт жол төселетін болды.

Тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге арналған полигон құрылысы да биыл аяқталып, пайдалануға берілмек. Ауылдағы көше жарығы, қауіпсіздік және абаттандыру да назардан тыс қалмаған.

Қауіпсіздік пен жарықтандыру – басты назарда

Бұрынғы кездесулерде көтерілген мәселелер шешімін таба бастады. Жеті көшеге жаңа жарық шамдары орнатылмақ, Абай көшесіне толықтай жарықтандыру жүйесі жүргізіледі. М.Мақатаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Сонымен қатар, бейнебақылау камералары орнатылып, көше атаулары мен мекенжай тақтайшалары жаңартылмақ.

П.Арапов елді мекеніне жаңа серпін

Округке қарасты П.Арапов елді мекенінде балаларға арналған ойын алаңы салынады, Кемел көшесіне жол төселмек. Екі елді мекен – Ақдала мен П.Араповты табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары да жанданып келеді.

Тұрғындар ұсынысы – назарда

Жиын барысында тұрғындар көшелерді жарықтандыру, ағын су тапшылығы, балалар алаңы секілді бірқатар мәселелерді көтерді. Қала әкімі Қайсар Маңқараев айтылған әр ұсынысты назарға алып, тиісті басқарма басшыларына заң аясында нақты шешім қабылдауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік дәрігерлер комаға түскен науқасты аман алып қалды

Альфия Адамбек

Түркістанда алғаш рет бауыр алмастыру отасы сәтті жасалды

berdaly_oraz

Қырғызстан блогерлерді салықтық жеңілдіктермен қолдайды

berdaly_oraz

Пікір жазу