Түркістан облысына тәжірибе алмасу үшін Ақтөбе облысының делегациясы келді

Түркістан облысындағы өндіріс саласының «өркендеу дәуірі», экономиканың қозғаушы күштерінің бірі ретінде қарқынды дамуы мен инвестиция тартудағы табысты қадамдары еліміздің өзге өңірлерінің қызығушылығын арттыруда, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан өңіріне инвестиция тарту және өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Өңірдегі өндірісті дамыту бағытындағы жұмыстардың барысымен танысу мақсатында Ақтөбе облысының арнайы делегациясы Түркістан облысына іссапармен келді. Басты мақсат – жаңа жобалардың жүзеге асырылу барысын зерделеу және тәжірибе алмасу. Өзара кеңесіп, үздік тәжірибелермен бөлісу. Яғни, өндірісте өнім көлемінің артуы, жаңа кәсіпорындардың ашылуы, технологияның жаңаруы, жұмыс орындарының көбеюі сияқты көрсеткіштердің жоғары қарқынмен өсуін көршілес өңірлер үлгі ретінде пайдалануға ниетті.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов бастаған делегация 13–14 мамыр күндері «TURKISTAN» ӘКК» АҚ Шағын өндірістік аймағының, «TURKISTAN INVEST» инвестиция тарту және экспортты дамыту жөніндегі аймақтық агенттігі» ЖШС-нің, «TURAN» арнайы экономикалық аймағы мен «Бадам» индустриялық аймағында орналасқан зауыттардың жұмысымен танысты. Делегация өндірісті дамыту және инвестиция көлемін арттыруға бағытталған бірегей жобалардың жүзеге асырылу барысындағы оң тәжірибемен бөлісті.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Азаматтарды қабылдауда көтерілген мәселелер бақылауға алынды

berdaly_oraz

Ертең Өзбекстан президенті Қазақстанға келеді

Альфия Адамбек

«Бір күндік әкім орынбасары» Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалған Әсет Шопанов,ертеңіне орнын босатты

berdaly_oraz

Пікір жазу