Түркістанда Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған халықаралық симпозиум басталды

Түркістанда Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған халықаралық симпозиум басталды,-деп хабарлайды Pressa24.kz.

Түркістандағы «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстанның көрнекті жазушысы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» атты халықаралық симпозиум салтанатты түрде ашылды.

Ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен және шет елдерден зиялы қауым өкілдері – ғалымдар, жазушылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Қонақтар алдымен жазушының жеке мұрағатынан алынған жәдігерлер мен кітаптар қойылған арнайы көрмемен танысты.

Симпозиумда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын Сенат депутаты, академик Дархан Қыдырәлі оқып берді. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев, Ерлан Қошанов, Қызылорда және Жамбыл облыстарының әкімдері мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өз құттықтауларын жеткізді.

Баяндамашылар қатарында алаштанушы Дихан Қамзабекұлы, академик Оңалбай Аяшев және Түркиялық профессор Жәмилә Кынажы сөз алып, Мархабат Байғұттың әдеби мұрасы мен ел алдындағы еңбегі жайында пікірлерін ортаға салды.

Симпозиум аясында жазушы Нұрғали Ораздың Мархабат Байғұтқа арналған пьесасы алғаш рет сахналанып, көрермен назарына ұсынылды. Сонымен бірге деректі фильм көрсетіліп, бейнеқұттықтаулар ұсынылды.

Іс-шара соңында студенттер мен оқушылар арасындағы шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары марапатталып, қаламгердің рухына Құран бағышталып, ас берілді.

Үш күнге жоспарланған симпозиум Созақ пен Түлкібас аудандарында жалғасады. Шараны Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен «Медиакратия» қоғамдық бірлестігі мен «Фараб» кітапханасы ұйымдастырған..

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекетке кадастрлық құны 2 млрд. теңгеден асатын жер қайтарылды

Түркістан облысының тұрғындары браконьерлік үшін сотталды

berdaly_oraz

Өңірлік жаңалықтар: Жетісай ауданында «Қоныс аудару” жәрмеңкесі өтті

Альфия Адамбек

Пікір жазу