Қыз алып қашатындар 7 жылға дейін сотталу мүмкін

 

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов некеге мәжбүрлеу бойынша қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы жаңа заң жобасын ұсынды. Жаңа ұсынысқа сәйкес, некеге мәжбүрлегендерге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Әбеновтің айтуынша, соңғы үш жылда полицияға некеге мәжбүрлеу туралы 214 шағым түскен, бірақ тек 10 іс сотқа жеткен. Бұл құқық қорғау органдарының немқұрайлы қарауының айқын белгісі, әрі жәбірленушілердің қорғалмай қалуына әкеледі.

Депутат заң жобасының биыл соңына дейін қабылдануы ықтимал екенін, оның мақсаты – жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және некеге мәжбүрлеу деректерін азайту екенін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ҚҰЛПЫНАЙ БАЗАРЫ

Арыста «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді

berdaly_oraz

Кибералаяқтық бақылауда: Түркістанда өткен форум мыңдаған адамды біріктірді

berdaly_oraz