Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы құрылмақ

Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірге бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп, жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын дамытуға құқықтық негіз қалыптастыруды көздейді.

Заң жобасы жасанды интеллектті қолдануда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономиканың түрлі салаларында ЖИ-ді енгізудегі мемлекеттің рөлін нақтылау және әзірлеушілер мен инвесторлар үшін түсінікті ережелер орнатуға бағытталған.

Құжаттың басты жаңалығы – ұлттық жасанды интеллект платформасын құру. Бұл инфрақұрылым ЖИ өнімдерін әзірлеуге арналған деректер кітапханалары мен модельдерді оқыту жүйелерін біріктіреді. Сонымен қатар, ЖИ саласындағы зерттеулерге, білім беру бағдарламаларына және халықаралық ынтымақтастыққа мемлекеттік қолдау көрсетілмек.

Заң жобасы жасанды интеллектке қатысы бар барлық тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды. Жүйе иелері өз өнімдерін пайдалануға қатысты шарттарды белгілеп, тәуекелдерді басқара алса, пайдаланушылар жеке деректерін қорғауға және автоматтандырылған шешімдерге қарсылық білдіруге құқылы болады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қаласында қызметтік иттердің көмегімен 64 қылмыс ашылды

Жетісайда екі ай бұрын із-түссіз жоғалған әйелдің денесі көршісінің ауласынан табылды

berdaly_oraz

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовты әлдекімдер атып кетті

berdaly_oraz

Пікір жазу