Түркістан облысында қатты дауыл салдарынан электр желілері істен шықты

Кеше 17.05.2025 жылы Ауа райының күрт нашарлауына — қатты жел және нөсер жауын секілді табиғи құбылыстардың әсерінен Түркістан облысы аумағында орналасқан 110/35/10 кВ кернеулі әуе электр желілерінде бірқатар апаттық жағдайлар орын алды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Атап айтқанда, күшті желдің салдарынан ағаштар сынып, үйлердің шатырлары ұшып, әуе желілерін зақымдады. Соның нәтижесінде бірнеше елді мекенде электр энергиясы уақытша өшірілді.

Қазіргі таңда “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС-нің апаттық-қалпына келтіру бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Апат салдарын жою және электрмен жабдықтауды қалпына келтіру мақсатында барлық қажетті техникалар мен мамандар жұмылдырылған. Қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.

Жаңартылған ақпараттар туралы тағы да қосымша хабарлайтын боламыз.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық спортшылар Азия чемпионатынан 7 медаль жеңіп алды

berdaly_oraz

Түркістан облысында оқырман мәдениетін дамытуға бағытталған жобалар жүйелі түрде іске асуда

berdaly_oraz

АҚШ ПЕН ҚЫТАЙДЫҢ ЖАРНА КЕШІКТІРУІ БҰҰ-ҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫСЫМ ТҮСІРДІ

Redaktor Arysinfo