Арыс қаласында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

Арыс қаласында алтын құрсақ аналарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қала әкімі Қайсар Маңқараев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын салтанатты жағдайда табыстады.

Айта кету керек, «Алтын алқа» белгісі — ҚР ордені мәртебесіне ие. Бұл марапат – елдің демографиялық өсіміне, ұлт болашағына қосқан үлестің, аналық мейірім мен еңбектің нақты бағалануы.

Салтанатты жиын барысында шаһар басшысы аналарды шын жүректен құттықтап, жылы лебізін білдірді:

– Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ананың рөлі қашан да ерекше. Баласын елге адал қызмет ететін азамат етіп өсірген әрбір ана – шынайы құрметке лайық. Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін, – деді Қайсар Маңқараев.

Мемлекеттік награда тағылған аналар да өз кезегінде мемлекет пен жергілікті билік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен қамқорлық үшін ризашылықтарын білдірді. Шара соңында естелік суретке түсіп, қуаныштарымен бөлісті.

Жалпы, биылғы жылдың басынан бері Арыс қаласында 76 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды. Қазіргі таңда қала бойынша 2757 батыр ана тіркелген. Олардың барлығы ай сайынғы жәрдемақымен қамтамасыз етіліп, қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығына ие.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс әкімі Қайсар Маңқараев халықпен кездесіп,қаланы көркейтуге қатысты тапсырмалар берді

berdaly_oraz

Түркістан инвестиция мен туризмнің жаңа белесі

berdaly_oraz

Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

berdaly_oraz

Пікір жазу