Түркістан облысында биыл 16 жаңа жайлы мектеп пайдалануға берілмек

Түркістан облысында 2025 жылға дейін білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жүйелі түрде жалғасуда. Биылғы жылдың соңына дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 29 мектептің 13-і пайдалануға берілсе, тағы 16 мектептің құрылысы аяқталып, іске қосылады деп жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, «Қауіпсіз мектеп» жобасы шеңберінде оқушыларға ыңғайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жұмыстары жүргізілуде. Оқушылар оқулықпен, ыстық тамақпен, қосымша біліммен қамтылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025-2027 жылдары облыс бойынша 115 мектепке жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Биылдың өзінде 41 мектеп жаңғыртудан өтеді, оның ішінде 15 мектепке ағымдағы жөндеу, 26 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылған. Бұл бастама ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасын теңестіруді көздейді.

Жөндеуден өтетін мектептердің көпшілігі 30-40 жыл бұрын салынған. Тек ғимараттар емес, асханалар, кітапханалар, спорт залдар, пән кабинеттері, сынып бөлмелері толық жабдықталып, қауіпсіздік жүйесі мен жаңа жиһаздармен қамтамасыз етіледі. Күрделі жөндеуге мұқтаж 26 мектептің 6-ы облыстық бюджет есебінен, 3-еуі «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жөнделеді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста дін қызметкерлерімен маңызды кездесу өтті

berdaly_oraz

12 ақпанда Қазақстанда боран соғып, көктайғақ болады

berdaly_oraz

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт ашу жоспарлануда

berdaly_oraz

Пікір жазу