Арыста бас жоспар талқыланды: Қоғамдық тыңдаудың алғашқы отырысы өтті

Арыста бас жоспар талқыланды: Қоғамдық тыңдаудың алғашқы отырысы өтті,-geп жазады Arysinfo.kz.

Арыс қаласының 2044 жылға дейінгі даму бағытын айқындайтын бас жоспардың түзету жобасына қатысты қоғамдық тыңдаудың алғашқы отырысы өтті, – деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтановтың төрағалығымен өткен жиынға мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, қалалық бөлім басшылары, депутаттар, қоғам белсенділері және жобалаушы «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС өкілдері қатысты.

Жиында топографиялық түсірілім мен енгізілетін өзгерістер, сондай-ақ әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым бағыттары қамтылған бас жоспардың негізгі бағыттары таныстырылды. Жобаны сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрғиса Ережепұлы таныстырып, қаланың жүйелі дамуын қамтамасыз ететін тетіктерге тоқталды. Ал жобалаушы мекеме өкілі Ерман Меделханұлы құжаттың техникалық ерекшеліктерін түсіндірді.

Қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, олар арнайы хаттамаға енгізілді. Жиын соңында ашықтық пен қоғамдық қатысуды қамтамасыз ету — жобаның табысты жүзеге асуының кепілі ретінде атап өтілді.

Ұқсас жаңалықтар

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Redaktor Arysinfo

Арыста тұрғындар ағаш отырғызуға жұмылды: «Өз ағашыңды отырғыз» акциясы өтті

berdaly_oraz

ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШҚА ҚАЙТА БЕТ БҰРДЫ: БАЙҚОҢЫРДАН ӘЛЕМДІК ОРБИТАҒА ДЕЙІН

Redaktor Arysinfo