Арыс қаласында балаларға арналған ашық есік күні өтті

Арыс қаласында 22 мамыр күні «Әкем – тірегім, анам – жүрегім!» атты Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекет басшысы Әкімшілігінің тапсырмасы мен «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілді.

Басты мақсат – отбасылық құндылықтарды насихаттау, бала құқықтарын қорғау бойынша хабардарлықты арттыру және ата-аналардың тәрбиелік құзыреттілігін күшейту. Шараны Отбасын қолдау орталығы ұйымдастырды.

Көпшілік бүлдіршіндердің өнерімен басталған мерекелік бағдарламаны тамашалады. Орталық директоры Сырлыбек Мұсабеков орталықтың қызметі жайлы баяндап, қонақтарды құттықтады. Сонымен қатар, құқық қорғау және медицина саласының мамандары балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті. Балалар мен ата-аналарға арналған тренингтер мен шеберлік сабақтары өтті.

Іс-шара соңында қатысушыларға балмұздақ, тәттілер және жазғы бас киімдер сыйға тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы Бадам тас жолында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, екі адам қаза тапты

berdaly_oraz

Шымкенттегі «Кәусар» кафесіндегі өрт оқшауланды: штаб құрылып, арнайы техника жұмылдырылды

berdaly_oraz

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт ашу жоспарлануда

berdaly_oraz