«Тұран су» мекемесінің өндірістік-техникалық базасының жымысы пысықталды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Тұран су» мекемесінің өндірістік-техникалық базасында болып, жұмыс барысын бақылады, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жалпы, 2 гектар аумақта орналасқан база мекеме техникаларына қызмет көрсетіп, қажетті жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады. Қазіргі таңда «Тұран су» мекемесінің теңгерімінде 81 арнайы техника бар.

Сонымен қатар Нұрбол Тұрашбеков параболалық лоток өндірісінің құрылысын аралады. Мұнда қажетті құрылғылар орнатылған. Жұмыс аяқталуға жақын. Іске қосылғанда аталған өндіріс орны тәулігіне 30 параболалық лоток шығаратын болады. Параболалық лоток арық-атыздарға орнатылып, ағын судың шаруаларға шығынсыз жеткізілуіне мүмкіндік береді.

Облыс әкімінің орынбасары нысанды табиғи газбен қамту және шикізаттарды алу бойынша бірқатар тапсырма берді.

«Тұран су» мекемесі облыс бойынша 2024 жылы 122,9 шақырым каналды механикалық тазалаудан өткізсе, биыл бұл көрсеткіш 236,7 шақырымға жетіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта жарық бағаналары жаңартылуда

berdaly_oraz

Украина бейбіт келіссөздерге дайын: Зеленскийдің жаңа мәлімдемесі

berdaly_oraz

Арыста мемлекеттік қызмет алушылар күні өтті

berdaly_oraz

Пікір жазу