Шардаралық түлектер ауыл тұрғынына үй сыйлады

2025 жылғы 24 мамырда Шардара ауданына қарасты Қоссейіт ауылдық округіндегі “Сырдария” жалпы білім беретін мектептің 2005 жылғы түлектері өздерінің 20 жылдық мерейтойы аясында қайырымдылық шарасын өткізді. Олар ауыл тұрғыны Бақтыбай Құрбановқа үш бөлмелі тұрғын үйді сыйға тартты, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Сауапты әрі салтанатты іс-шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Туребеков арнайы қатысып, баспаналы болған отбасыны құттықтап, игі іске мұрындық болған түлектерге аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.

– Құрметті Қоссейіт ауылының тұрғындары мен қадірлі түлектер! Сіздердің бірлік пен ынтымақпен атқарған игі істеріңіздің нәтижесінде бір отбасы шаттыққа бөленіп отыр. Осындай азаматтық әрекеттер елдің берекесін арттырады. Баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін, – деді Б.Туребеков.

Шара барысында Қоссейіт ауылдық округінің әкімі Нұрбол Жайнар мен ауыл биі Бауыржан Төлегенов жүрекжарды лебіздерін білдіріп, түлектерге ақ баталарын берді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

Redaktor Arysinfo

Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтті

berdaly_oraz

ЕЛІМІЗДЕ 2026 ЖЫЛДАН БАСТАП СӘН-САЛТАНАТ САЛЫҒЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

Redaktor Arysinfo