Арыста «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді

 

2025 жылдың 30 мамыр күні Арыс қаласында тұрғындарға тегін заң көмегін көрсетуге арналған «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді. Шараның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, кез келген азаматқа білікті заңгерлерден тегін кеңес алу мүмкіндігін ұсыну.

Акция аясында тұрғындарды еліміздегі үздік заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қабылдайды. Олар тұрғындардың заң аясындағы түрлі мәселелеріне қатысты кеңес беріп, құқықтық көмек көрсетеді.

Іс-шара Арыс қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының 2-қабатында (Қонаев даңғылы № 9А) өтеді. Басталуы – сағат 11:00.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады

berdaly_oraz

Жетісуға 2 миллион турист: облыс туризмді жаңа деңгейге шығара ма?

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo