Сарыағаш: Аудан әкімі Азия жүлдегерлерін қабылдады

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Азия чемпионатының жүлдегерлері Шұғыла Жарас пен Рүстем Сапарханды арнайы қабылдап, халықаралық аренадағы жетістіктерімен құттықтады.

– Спорт – денсаулық кепілі, ал жеңіс – қажырлы еңбектің жемісі. Азия чемпионатында аудан абыройын асқақтатып, ел намысын қорғаған сіздерге алғыс білдіремін. Алдағы додаларда да жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер, – деген аудан басшысы спортшылар мен жаттықтырушыларға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Кездесу барысында жас спортшылар халықаралық жарыстағы әсерлерімен бөлісіп, келешекте бұдан да биік белестерге жетуге ниетті екендерін айтты. Жаттықтырушылар Болат Беласаров пен Нұрлан Бабақұлов жастар спортына көрсетіліп жатқан қолдауларға ризашылық білдірді.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1-5 мамыр аралығында Иордания астанасы Амманда бокстан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында Шұғыла Жарас (46 келі) және Рүстем Сапархан (48 келі) қола жүлдеге ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанның жаңа дизайн коды таныстырылды: қаланың сәулеттік бірегейлігін сақтау көзделуде

berdaly_oraz

Арыста сауда орындарының қауіпсіздігі басты назарда

berdaly_oraz

Ауыл шаруашылығы санағын жүргізу бойынша комиссия отырысы өтті

Пікір жазу