Түркістан: Отаншылдықты дәріптеу бағытындағы жұмыстар жанданады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен жастар арасында патриоттық іс-шараларды дәріптеу мақсатында жиналыс өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жиынға облыстық қоғамдық даму, білім, мәдениет саласының  қызметкерлері мен облыстық жастар орталығының және қалалық ішкі саясат бөлімінің жауапты тұлғалары қатысты.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл жас ұрпақты отансүйгіштікке елжандылыққа тәрбиелеу бағытында ұйымдастырылатын іс-шаралар жайында баяндады.

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы отаншылдықты дәріптеу және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді насихаттауға бағытталған мазмұнды іс-шараларды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар ұлттық тәрбие, патриотизм, елдігіміз бен егемендігіміз үшін атқарылуға тиіс бастамаларды ортаға салды.

Отырыс соңында жауаптыларға іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға қатысты бірқатар тапсырмалар  берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста жеке қаржыға жаңа кәсіби футбол клубы құрылды

berdaly_oraz

АУЫЛ – ХАЛЫҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ДІҢГЕГІ, ЕЛДІГІНІҢ БАСТАУЫ

Redaktor Arysinfo

ТАРАЗДА ӨТКЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛУАН ҚЫЗДАРЫ ТОП ЖАРДЫ

berdaly_oraz