Түркістанда дарынды балалармен кездесу өтті

«Қазақстан балалары» ұлттық тұжырымдамасы аясында республика көлемінде «Балалар үні» күні кеңінен аталып өтуде. Бұл күні Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өңірдегі үздік оқушылармен — халықаралық және республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми байқаулардың жеңімпаздарымен, сондай-ақ спорт пен өнерде дараланған жас дарындармен кездесті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Еркін форматта өткен жүздесуде облыс әкімінің орынбасары балаларды мерекемен құттықтап, олардың жетістіктеріне жоғары баға берді. Шара барысында балалардың көкейінде жүрген сұрақтарына ашық әрі шынайы жауап беріп, олардың болашағына зор сенім артатынын жеткізді. Ол жас ұрпақтың бастамаларына әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін айтып, оларға табыс пен шабыт тіледі.

«Бұл кездесу – тек мерекелік құттықтау емес, балалардың даусын есту, ойы мен көзқарасына құлақ түрудің, олардың бастамаларын қолдаудың нақты көрінісі. Бүгінгі дарынды бала – ертеңгі ел көшін бастайтын лидер. Сондықтан біз сіздердің үндеріңізді естіп, армандарыңызды жүзеге асыруға барлық жағдай жасауға дайынбыз», – деді ол.

Кездесу барысында оқушылар өз жетістіктерімен бөлісіп, өздерінің ғылым, өнер және спорт саласындағы табыстары мен алдағы мақсаттары туралы әңгімелеп, облыс басшылығына әрдайым қолдау білдіріп отырғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс ауданы: Шағырлықтар ауыр жүк көліктерінің ауыл ішінен өтуіне қарсы

berdaly_oraz

Туризм және спорт министрлігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты

berdaly_oraz

ШЫМКЕНТТІКТЕР! ҚҰРЫЛЫС САЛУДА ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ҚАЖЕТ ЕКЕНІ АЙТЫЛДЫ

berdaly_oraz

Пікір жазу