Арыс қаласының сәулеттік келбетін жақсарту – күн тәртібіндегі басты мәселе

Арыс қаласының сәулеттік келбетін жақсарту – күн тәртібіндегі басты мәселе
Қалада онға жуық урбанистикалық жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады

Арыс қаласының сәулеттік және эстетикалық бейнесін жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Осыған орай қала әкімі Қайсар Маңқараевтың төрағалығымен жұмысшы топтың кезекті отырысы өтті. Жиында шаһардың сәулеттік келбетін жақсартуға арналған онға жуық жоба қаралды.

«Арыс қаласының Урбанистика орталығы» ұсынған жобалар қатарында:

  • Арыс-Шымкент тас жолының бойындағы «Арыс» жазуын жаңарту;
  • Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру;
  • Арыс-Шардара және Арыс-Монтайтас тас жолдарының қиылыстарын көркейту және кіші сәулеттік пішіндер орнату сынды жобалар бар.

Қаланың бас сәулетшісі Нұрғиса Жанбатыр әр жобаның маңыздылығына жеке тоқталып, олардың іске асырылу жолдарын таныстырды. Кеңес мүшелері жобаларға қатысты пікірлерін білдіріп, бірқатар ұсыныстар мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар айтты.

Жиын соңында жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру және нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.

Ұқсас жаңалықтар

“Әйеліме “қандай әдемісің” деп лайк басқан”: Берденовке оқ атқан айыпталушы шындықты жайып салды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

berdaly_oraz

Министерство внутренних дел запустило новый цифровой сервис «Закон и Порядок»