Азизхан Исмаилов: «Жол сапасы – басты назарда»

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Тұрбат ауылдық округіндегі Қызылдихан елді мекеніне арнайы барып, орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар көшелердің жағдайымен танысты. Атап айтқанда, Ынтымақ, Бірлік, Ырыс, А.Хашимбек, Нұр, Береке, Ақбұлақ және Көктөбе көшелерінде жалпы ұзындығы 15,2 шақырымды құрайтын жол жөндеу жобасы қолға алынған.

Жобаның жүзеге асырылуы:

  • Мердігер ұйым: “ДезФумэкс” ЖШС
  • Техникалық қадағалаушы: “Амаль” ЖШС
  • Жоба мерзімі: 2024–2025 жылдар
  • Қазіргі уақытта жолды тегістеу және шағал тас төсеу жұмыстары аяқталып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Әкімнің талаптары:

Сапар барысында аудан әкімі жұмыстың сапасын қатаң бақылауға алу қажеттігін айтып, анықталған кемшіліктерді дер кезінде жоюды тапсырды.

Халықтың сұранысына сай жол салу — басты міндет. Жол сапасы уақытша емес, ұзақ жылдарға лайықты болуы керек. Сондықтан әр кезеңнің талапқа сай орындалуы — басты назарда болуы тиіс,” — деді Азизхан Исмаилов.

Нақты тапсырмалар:

Әкім тиісті сала басшылары мен мердігер мекемеге:

  • Жөндеу жұмыстарының сапасын тәуліктік негізде бақылау,
  • Жол құрылысын жобалық-сметалық құжаттамаға сай орындау,
  • Қоғамдық бақылау мен халықтың пікірін ескеру жөнінде нақты нұсқаулар берді.

Ұқсас жаңалықтар

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В РАМКАХ ПРОЕКТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ПРОВЕДЕНЫ РАБОТЫ ПО ОЗЕЛЕНЕНИЮ

Redaktor Arysinfo

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ҚАҺАРМАНДАРЫНЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТИІМДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Redaktor Arysinfo