Түркістан облысында жыл басынан бері 29 адам суға кеткен

Түркістан облысында шомылу маусымы басталмай жатып, 29 адам суға батып кеткен. Қаза болғандардың 13-і балалар, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Осыған орай жергілікті төтенше жағдайлар қызметкерлері судағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында профилактикалық жұмыстарды жүргізуде.

Жыл басынан бері рұқсат етілмеген жерде суға түскен 53 адамға 729 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Олардың қатарында балаларды суда қараусыз қалдырып, мас күйде шомылатындар көп дейді мамандар.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘМС ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ 86 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Альфия Адамбек

Арыста спорт шебері Еребаев Телғозы Ағабекұлын еске алуға арналған Республикалық турнир басталды