Түркістан мен Қытай арасындағы туризмді арттыруға бағытталған меморандумға қол қойылды

Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында ITB China 2025 халықаралық туризм көрмесі өтіп жатыр. Шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған делегация арнайы жұмыс сапарымен барды. Іс-шарада облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасын, табиғи көрікті жерлері және заманауи туристік инфрақұрылымын кеңінен таныстырды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Сапар аясында делегация Қытайдың бірқатар туристік компанияларымен және ірі туроператорларымен келіссөздер жүргізіп, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады. Нәтижесінде, алдағы уақытта Түркістан мен Қытай арасындағы туристік ағынды арттыруға бағытталған бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Сондай-ақ, делегация өкілдері Қытайдың Beijing Fine Tour İnternational Travel Service Co Ltd, CYTS Xinjiang Culture and Tourism Development Co.,Ltd басшылықтарымен Түркiстанда қытай туристерiн арттыру бойынша келiссөз жүргізді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік тұрғын туысын өлтіріп, анасының ауласына көміп кеткен

Түркістанда байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында ел чемпионаты басталды

Ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге ынталандыру төлемі беріледі

berdaly_oraz

Пікір жазу