Сарыағаштағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтуде

Сарыағаштағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтуде
Аудан басшысы құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстайтынын айтты

САРЫАҒАШ – Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы орталық стадиондағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысын арнайы барып тексерді.

Тұрғындардың игілігі үшін салынып жатқан нысанның сапасы мен қауіпсіздігі басты назарда екенін айтқан әкім мердігер мекемеге нақты тапсырмалар берді.

– Аудан келбетіне сай сапалы әрі көрікті стадион болуы керек. Барлық жабдықтар жоғары сапалы, ал қауіпсіздік талаптары толық сақталуы қажет, – деді Арман Абдуллаев. Ол сондай-ақ құрылысқа тек сапалы материалдар қолданылуы тиіс екенін ескертіп, екі апта сайын нысанға келіп, жұмыстардың жүру барысын бақылап отыратынын жеткізді.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әбдіқадыр Ташпулатовқа құрылыс жұмыстарының күнделікті мониторингін жүргізу тапсырылды.

Айта кетейік, Сарыағаш аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты орталық стадионның күрделі жөндеу жұмыстары арнайы әзірленген жобалау-сметалық құжат негізінде жүзеге асырылуда. Жауапты мердігер – “ВИБО-строй” ЖШС.

 

Ұқсас жаңалықтар

2025 жылы бала туу мен күтіміне байланысты жәрдемақылар саласында қандай өзгерістер болды?

berdaly_oraz

Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды

Redaktor Arysinfo

Шағыр ауылының тұрғындары сусыз отыр: ЖШС «Ақаба-Сервис» пен әкімдік немқұрайлы ма?

berdaly_oraz