Мақтааралда “Толағай” жазғы сауықтыру лагерінің құрылысы тексерілді

Мақтааралда “Толағай” жазғы сауықтыру лагерінің құрылысы тексерілді,-деп жазады Арысинфо.кз тілшісі.

Күні кеше Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов «Толағай» жазғы сауықтыру лагерінің құрылыс барысымен танысты. Сапар аясында ол нысандағы құрылыс қарқынына, инженерлік инфрақұрылымның сапасына және қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударды.

Мердігер ұйым өкілдері атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, жобаның келесі кезеңдерімен таныстырды. Лагерь аумағында жатын корпустар, асхана, спорт және ойын алаңдары, медициналық пункт сынды балаларға қажетті нысандар қарастырылған. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Серік Тұрсынқұлов құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімі басты назарда болатынын атап өтіп, балалардың қауіпсіз әрі жайлы демалысын қамтамасыз ету – негізгі міндет екенін айтты. Сонымен қатар, жұмыстардың белгіленген кестеге сай аяқталуы тиіс екенін ескертті.

Айта кетейік, лагерь іске қосылған соң аудан балалары үшін тиімді әрі қауіпсіз демалыс орнына айналмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында «Тең қоғам – Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды

Түркістан облысы NEAR ұйымының мүшесі атанды

Облыста тағылымы мол кештер жиі ұйымдастырылып тұрады