Шымкентте мұнара кранынан өрт шығып, жұмысшыны күйік шалды

Шымкенттегі Қ. Төлеметов көшесі бойында салынып жатқан жаңа құрылыс нысанында мұнара кранынан өрт шықты. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрттің жалпы аумағы 4 шаршы метр, деп хабарлайды Arysinfo.kz. 

«Оқиға салдарынан 1981 жылы туған азамат күйік шалып, медициналық мекемеге жеткізілді. Өртке байланысты өрт сөндіру қызметіне хабарланбаған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда», деп хабарлады Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бейресми ақпаратқа қарағанда, өрт электр сымынан шыққан. Жарақат алған 44 жастағы жұмысшы Т. Орынбаев атандағы гипербариялық оксигенация орталығына жатқызылған. Науқастың қазірг жағдайы қалыпты.

«Түскен кездегі диагнозы: термиялық күйік, 2-3 дәрежелі, 16 пайыз дене жарақаты. Басы, беті, мойны, денесі, екі қолын күйік шалған»

Ұқсас жаңалықтар

Отырар және Арыс кәсіпкерлерінің мәселелері тыңдалды

Түркістанда бір мезгілде 500-ден аса оқырман кітап оқыды

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

berdaly_oraz