Келес ауданында шегірткемен күрес бойынша штаб отырысы өтті

Келес ауданында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің қатысуымен зиянкес шегірткелерге қарсы күрес мәселесіне арналған штаб отырысы өтті. Бұл – өңірдегі ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғауға бағытталған кезекті бақылау жиыны.

Сала мамандарының мәліметінше, бүгінде облыс көлемінде 703 мың гектар жер зиянкестерге қарсы өңделген. Оның 367,7 мың гектары алдын ала жоспарланған аумақ болса, қосымша анықталған 335,2 мың гектар алқап демеушілік қолдаумен дәріленген.

Негізгі ошақтар жойылып, қазіргі таңда шегірткелердің экономикалық зиян шегіне жетпейтін аймақтарында тазалау және бақылау жұмыстары жалғасуда. Арыс, Сарыағаш және Келес аудандарындағы бірнеше ауылдық округтер күнделікті бақылауға алынған.

Бұдан бөлек, Бәйдібек ауданы мен Жамбыл облысының шекаралас аумақтарында да кезекші техникалар жұмылдырылып, мониторинг нәтижесінде қосымша 437 гектар жерді дәрілеу ұсынылған.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары шекара маңындағы аумақтарды мұқият қадағалап, анықтаушылар санын көбейтіп, техникалардың үздіксіз жұмысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында полиция 70-тен астам ұрланған малды иелеріне қайтарды

berdaly_oraz

«EL ARNA» телеарнасы жабылып, қызметкерлері «Хабар» агенттігіне орналастырылады

berdaly_oraz

Шымкентте алаяқтар зейнеткердің 46 млн теңгесін қолды қылған

Пікір жазу