Түркістан төрінде “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің концерті өтті

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде ҚР Еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің «Би керуені» жобасы аясында концерті өтті. Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, би ұжымын 70 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

«Би керуені» жобасы аясында өткен концерттік шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Мұрат Оспанов өз кезегінде бірқатар мамандарға алғыс хат табыстады. ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Түркістан қалалық Әйелдер алқысының төрайымы, биші Ұлжан Мұстафаева да алыстан ат терлетіп келген би ұжымына ізгі лебізін арнады. Ансамбль директоры Елубай Кенжалиев келген көрерменге алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі ұлттық хореография мәдениетінің бай мұрасын және әлемдік хореографияның алуан түрлігін толық насихаттай алатын бірегей кәсіби би ұжымы саналады.

Мерекелік кеште қазақтың ұлттық билерімен қатар, әлем халықтарының би туындылары орындалды. Концерт барысында көрермендерге әр ұлттың салт-дәстүрі мен мәдениеті би арқылы паш етілді. Кештің құрметті қонақтары ретінде ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, әнші Өмірқұл Айнязов және ҚР Мәдениет саласының үздігі, күйші Рахат Сарсенов өнер көрсетті. Қала тұрғындары мен қонақтары рухани кештен ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

Ұқсас жаңалықтар

073/е медициналық анықтамасы енді eGov Mobile-да қолжетімді

berdaly_oraz

Көліктен басын шығарғандар қанша айыппұл арқалайды?

Альфия Адамбек

Шымкентте қазба жұмыстары кезінде құнды жәдігерлер табылған

Альфия Адамбек

Пікір жазу