Шегірткемен күресуде Түркістан алда келеді

Шегірткемен күресуде Түркістан  алда келеді, дер хабарлайды Arysinfo.kz.

Республика бойынша шегірткемен күресу мақсатында 1,4 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы өңделді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысында 371,79 мың гектар алқап өңделіп, күресу шаралары толық аяқталды. Ақтөбе облысында – 268,12 мың, Қостанай облысында – 258,97 мың, Жетісу облысында – 51,81 мың, Жамбыл облысында – 74,48 мың, Батыс Қазақстан облысында – 136,66 мың, Қызылорда облысында – 50,01 мың гектар алқап өңделді.

Іс-шараларға 443 бірлік арнайы бүрку техникасы тартылған.

Айта кетейік, биыл шегірткемен күресу мақсатында 2,1 млн гектар алқапты химиялық өңдеу жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ 2 МЫҢНАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

Redaktor Arysinfo

Сарыағашта 800-ден аса адам сенбілікке қатысты

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БРАКОНЬЕР» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Redaktor Arysinfo