Түркістан: «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде, жергілікті полиция қызметінің полицейлерімен белгіленбеген орындарға қоқыс шығару, жалпы пайдалану орындарын абаттандыру қағидаларын бұзу жайттарының 11 440 дерегінің жолы кесілді. Оның ішінде, жалпы пайдалану орындарын ластаған 9406 азаматқа және абаттандыру ережелерін бұзған 2034 тұрғынға шара көрілді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Мәселен, Отырар ауданы аумағында орналасқан қоқыс полигонын тексеру кезінде жазық далада коммуналдық қалдықтар шашылып жатқаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты құжаттар жинақталып, тиісті шара көру үшін Экология департаментіне жолданды.

Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында заңнаманы бұзу фактілеріне тосқауыл қоюға, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттегі «Tulip Hall» мәдени кешен атауын журналист сынға алды: Тұлып па, қызғалдақ па?

berdaly_oraz

ҚЫТАЙДЫҢ ЖАҢА ҚАДАМЫ ӘЛЕМДІК МҰНАЙ НАРЫҒЫН ТҰРАҚСЫЗДАНДЫРЫП ОТЫР

Арыс қаласы тұрғындары мен қонақтарына ескерту

berdaly_oraz