Шымкенттегі балабақшада бүлдіршіндерді соққыға жыққан тәрбиеші қамалды

Шымкенттегі «Ай көркем» жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі балаларды ұрып-соққаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Ата-аналардың бірі баласының денесі көгергенін байқап, бейнебақылау жазбасын тексеруді талап еткен. Баласы да тәрбиешінің ұрғанын, ұзақ жылағанын айтып шағымданады. Ата-ана бейнежазбадан тәрбиешінің екі сағат бойы балаларды ұрып-соғып, қолынан сүйреп, сызғышпен ұрғанын көрген. Тәрбиеші балаларды ұрып тыныштандырып,  жайбарақат телефон шұқылап отырған.

Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Тәрбиеші уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ КҮРТ ӨСІП ОТЫР

Redaktor Arysinfo

Нұралхан Көшеров Түркістан облысында кәсіпкерлікті

berdaly_oraz

Жетісайда биыл заманауи теннис орталығы ашылады