Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1,5 млрд текше метрден астам су жіберілді

Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1,5 млрд текше метрден астам су жіберілді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып, биыл сәуірдің соңына дейін жүргізілді. Су Созақ ауданына ақпан айында жетті.

«Қазсушардың» Жамбыл филиалы мен Шу-Талас бассейндік инспекциясының мамандары Шу өзені аңғарында мониторинг жүргізіп, табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарының нәтижесімен танысты.

Мұндай көлемдегі су Созақ ауданына соңғы бес жылда алғаш рет жетіп отыр.

Биыл Шу өзенінен су Созақ ауданына жіберілетін Фурманов айналма каналын тазарту жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 1 мамырдан бастап «Tөлем» жүйесі тоқтайды.

berdaly_oraz

АРЫСТА ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКТІҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Redaktor Arysinfo