Түркістан облысында өңірлік нышан жобасы бойынша жұмысшы топтың отырысы өтті

Жуырда  Түркістан облысында өңірлік нышанын  әзірлеу мақсатында конурс жарияланғаны белгілі. Осыған сәйкес сәулетші, дизайнер, суретші, өлкетанушы, тарихшылардан құралған жұмысшы топ құрылды.  Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда   жұмысшы топ өкілдері байқауға қатысқан үміткерлердің жобасын саралап, өз ұсыныстарын ортаға салды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жалпы Түркістан облысының жаңа логотипіне ұйымдастырылған конкурсқа 11 автор қатысып, 44 жоба ұсынылды.  Солардың ішінен үздіктер  комиссия мүшелерінің дауыс беруі арқылы  анықталады.

Ұйымдастырушылар талабы бойынша, өңірлік нышан жобасы бұрын қолданылмаған, ерекше әрі жергілікті жердің болашақ даму бағытын көрсететін жаңа жұмыс болуы тиіс. Ең негізгі талаптардың бірі ұлттық этнографиялық элементтерді, ою-өрнектерді пайдалануға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ дiни, рулық және тайпалық белгiлердiң бейнесін пайдалануға тыйым салынады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «Әлемнің жарығы – ана» мерекелік шарасы өтті

berdaly_oraz

Жолда қалған жүк көлігінің шетелдік жүргізушісі қазақстандық полицейлерге алғысын білдірді

berdaly_oraz

Сарыағашта екі мыңнан астам тұрғын «Таза Қазақстан» науқанына үн қосты

berdaly_oraz

Пікір жазу