БАСТЫ ҰСТАНЫМ: СЕНІМ. БІРЛІК. ДАМУ.

Түркістан облысы Арыс қаласы Монтайтас ауылдық округінің әкіміне үміткер

МОМБЕКОВ ҚАНАТ АСЫЛХАНҰЛЫНЫҢ

ӨМІРДЕРЕГІ

Момбеков Қанат Асылханұлы,  1987 жылы 27 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. Ұлты — қазақ.

Білімі жоғары.

Үйленген, зайыбы Серікбаева Асылзат Қалдыбайқызы

Бір қыз, бір ұлы бар.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ 

 12.09.2008-15.03.2012 жылдар арасында II, III, IV дәрежелі слесарь, «Қоңыр ат» ЖШС Арыс локомотив жөндеу депосы, Арыс қаласы;

15.03.2012-13.11.2013жылдар арасында инженер-технолог, «Қоңыр ат» ЖШС Арыс локомотив жөндеу депосы, Арыс қаласы;

13.11.2013-21.11.2014 жылдар арасында техникалық бақылау бөлімінің (ТББ) инспекторы, «Қоңыр ат» ЖШС Арыс локомотив жөндеу депосы, Арыс қаласы;

21.11.2014-27.04.2015 жылдар арасында техникалық бақылау бөлімінің (ТББ) бастығы, «S.G.M.Group» ЖШС Арыс локомотив жөндеу депосы, Арыс қаласы;

27.14.2015-02.08.2015 жылдар арасында техникалық бақылау бөлімінің (ТББ) инспекторы, «S.G.M.Group» ЖШС Арыс локомотив жөндеу депосы, Арыс қаласы;

12.05.2016-05.09.2016 жылдар арасында «Дермене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі,бас маман статист, салық агенті м.у.а.Арыс қаласы;

30.04.2020- 04.05.2020жылдар арасында «Дермене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі,бас маман статист, салық агенті Арыс қаласы;

04.05.2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Арыс қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі» мемлекеттік мекемесі, бас инспектор Арыс қаласы.

 

ҮМІТКЕРДІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

  1. Инфрақұрылымды жақсарту

Ішкі жолдарды кезең-кезеңімен жөндеу және қиыршық тас төсеу жұмыстарын жалғастыру;

Ауыз су мәселесін шешу: орталықтандырылған су жүйесін тарту жобаларын әзірлеу және қаржыландыруға ұсыну;

Электр желілерін жаңарту мәселесін аудандық деңгейде көтеру;

Интернет және ұялы байланыс сапасын арттыру үшін операторлармен жұмыс жүргізу.

  1. Әлеуметтік саланы дамыту

Мектептер мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайту;

Мәдениет үйлері мен спорт алаңдарын жөндеу немесе салу жобаларын әзірлеу;

Жастармен жүйелі жұмыс жүргізу: үйірмелер, спорттық жарыстар, бос уақытты тиімді өткізу орталықтарын ашу.

  1. Ауыл шаруашылығын қолдау және жұмыс орындарын көбейту

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау: мемлекет бағдарламаларына қатысуға кеңес және көмек көрсету;

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға ынталандыру;

Мал шаруашылығын дамыту үшін жайылымдарды реттеу, су көздеріне қол жеткізуді ұйымдастыру;

Инвесторлар тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу.

  1. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жолдарын жетілдіру;

Медициналық қызмет сапасын жақсарту үшін фельдшерлік пункттермен қамту мәселесін шешу;

Қоғамдық көлік қатынастарын дамытуға күш салу.

  1. Ашықтық пен халықпен кері байланыс

Халықпен тұрақты кездесулер өткізу, онлайн және офлайн форматта есеп беру;

Әкімдік қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.

 

Түркістан облысы Арыс қаласы, Монтайтас ауылдық округінің әкіміне үміткер Момбеков Қанат Асылханұлының сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Жетісай ауданында жекпе-жектен Азия мен ҚР ашық кубогы өтті

Түркістан облысы аумағында дала жұмыстары қарқынды жүруде

«Ақ тізім- заңды,сатып алынған.Қара-ұрланған» 2025 жылдың 24 наурызынан бастап елімізде смартфондарды тіркеу жүйесі енгізіледі

berdaly_oraz

Пікір жазу