Арыста “Таза Қазақстан” аясында киелі мекендерге тазалық жұмыстары жүргізілді

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығы өтуде. Апта шеңберінде қала аумағындағы бірқатар тарихи әрі киелі орындарда тазалық жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Сенбілікке қала тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен еріктілер белсене қатысып, Жекен-Саяқ әулие, Мұңлық-Зарлық мазары мен Монтай әулие сынды өңірге белгілі киелі орындардың айналасын қоқыстан тазартып, арамшөптерін отап, жалпы абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Бұл шара — киелі мекендерге деген құрмет пен рухани мұраларға жанашырлықтың көрінісі.

Сонымен қатар, қала аумағында белгіленген секторлар бойынша жауапты мекеме өкілдері өздеріне жүктелген аймақтарда сенбілік ұйымдастырып, көшелер мен көпшілік пайдаланатын орындарды ретке келтірді.

Қала әкімдігі барлық тұрғындарды тазалық жұмыстарына үлес қосып, өз аулаларын таза ұстауға және арамшөптерді жоюға шақырады. Қоршаған ортаны күту — ортақ парызымыз екенін ұмытпайық!

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта 19 жастағы мүгедек жігітті айуандықпен өлтірген күдікті қамауға алынды

berdaly_oraz

Түркістан көшелеріне жаңа автобустар шықты

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙДАРБЕК ТОҚТАРБЕК – ЖАЗҒЫ СУРДОЛИМПИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

berdaly_oraz