Арыста «INTELLECT CUP» интеллектуалды сайысы өтті

Жастар арасындағы ынтымақтастық пен татулықты,  мәдениет пен біліктілікті арттыру мақсатында, Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері арасында «INTELLECT CUP» атты интеллектуалды сайысы өткізілді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Осы орайда, қала әкімінің орынбасары  Ерғали Қуандық сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілеп, жастарға деген жылы лебізін білдірді.

Аталған сайысқа: Арыс аудандық орталық ауруханасынан «Алғыр»,  Арыс 1 ст. ЖПБ-нен «Жалын», Арыс АПБ-нен «Арыс барыстары»,  Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінен «Құтқарушылар»,  Мансап орталығынан «Мансап»,  Арыс 1 вокзалынан «Railways Arys» және де 44859 әскери бөлімінен «Арыс жауынгерлері» командасы қатысты. Өз кезегінде сайыс төрт кезеңнен құралып,  әр кезеңнің қорытындысы бойынша ұпай жиналды.

Ал жарысқа қазылық етуге қала әкімі орынбасары Ерғали Қуандық,  Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс, «Ішкі саясат бөлімі» ММ-нің басшысы Ғани Садықов және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Әлішер Төлегенов әділ қазы төрелік етті.

Бүгінгі ойынның жалпы нәтижесі бойынша:

I орын-Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінен құралған «Құтқарушылар» командасы

II орын- Мансап орталығынан құралған «Мансап» командасы

III орын- Арыс аудандық орталық ауруханасынан құралған «Алғыс» командасы жүлделі орындарға  ие болды.

Ал, сайысқа белсене қатысқаны үшін:

Арыс 1 ст. ЖПБ-нен құралған «Жалын» командасы

44859 әскери бөлімінен құралған «Арыс жауынгерлері»

Арыс АПБ-нен «Арыс барыстары» командасы

және де Арыс 1 вокзалынан «Railways Arys» командасы иемденіп, барлық қатысқан командаларға арнайы алғыс хаттармен марапатталып, сый-сияпаттар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Кентауда тазалық шаралары жаңа форматта өтті: балалар «бір қап қоқыс – бір балмұздақ» ұранымен белсенділік танытты

berdaly_oraz

Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

berdaly_oraz

Онлайн-алаяқтықпен күресу үшін банктерге жаңа талаптар енгізіледі

berdaly_oraz

Пікір жазу