«Таза Қазақстан»: Төлебиде тазалыққа қатысты жұмыстар күшейтілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Осы бағытта  облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Төлеби ауданына іссапармен барып, тазалық жұмыстарын бақылады. Іс-шараға 130 адам қатысып, 2 арнайы техника жұмылдырылды. 6,5 шақырым өзен бойы, 12 шақырым аудандық маңызы бар жол тазаланды. Нәтижесінде, 7 тонна күл-қоқыс шығарылды.

– Төлеби ауданы – табиғаты көркем, экологиялық әлеуеті жоғары өңір. Бұл аймақты таза ұстау – тек аудан тұрғындарының ғана емес, бүкіл облыс жұртшылығының ортақ міндеті. Сондықтан бүгінгі бастама – әрбір азаматтың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын, патриоттық рухын танытатын нақты қадам деп білеміз. Бүгін аудан бойынша тазалық жұмыстары, қоқыс шығару, өзен-көлдерді тазарту сынды бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл – тек бір күндік науқан емес, ұзақ мерзімді, жүйелі жұмыстың бір бөлігі болуы тиіс. Сондықтан да біз барша азаматтарды, мекемелер мен ұйымдарды, әсіресе жастарды осындай игі бастамаларға белсенді қатысуға шақырамыз. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары қатаң бақылауда болуы қажет, – деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.

Сонымен қатар жыл басынан бері абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша 195 хаттама толтырылып, 130 ескерту берілді. Сондай-ақ 3 027 640 айыппұл салынып, 2 319 880 теңге өндірілді.

Одан бөлек, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 447 хаттама толтырылып , 11 363 480 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Оның 6 861 340 теңгесі өндірілді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттегі «Көктем» базары жаңа сауда орталығына көшеді

berdaly_oraz

Тараз әкімінің экс-орынбасары пара алғаны үшін 4 жылға сотталды

berdaly_oraz

Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров «Кegoc» АҚ басқарма төрағасымен кездесті

berdaly_oraz

Пікір жазу