Түркістан: Кеурек өсімдігін қазған 68 шетелдік анықталды

Кеурек пен қызыл мия өсімдіктерін пайдалану құқығын шектеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Arysinfo.kz. 

Нәтижесінде, табиғи популяциясының қалпына келуі үшін облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес, қызыл мияны 5 жыл, ал кеуректі 8 жыл бойы жұлуға тыйым салынды. Енді оларды заңсыз қазғандарға шара көрілетін болады.

Осыған орай, сасық кеурек өсімдігінің заңсыз қазылуының алдын алу бойынша Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан арнайы жұмысшы топ құрылды.

Жұмысшы топ  өкілдері Арыс қаласы, Отырар, Шардара, Сарыағаш және Келес аудандарына  арнайы рейд жүргізді. Нәтижесінде Арыс қаласының аумағын аралау барысында Ақдала ауылдық округінен 4 уақытша тұрғынжай және жабайы сасық кеурек өсімдігінің тамырын қазып жүрген 23 шетел азаматы анықталды. Олардың 8-і Өзбекстан, 15-і Тәжікстан Республикасының азаматтары болып шықты.

Сонымен қатар, Отырар ауданы, Қарақоңыр ауылдық округінің 2598 гектар аумағынан 4 уақытша тұрғынжай және жабайы өсетін сасық кеурек өсімдігін заңсыз қазып жүрген 45 шетел азаматтары анықталды. Оның ішінде 39-ы Өзбекстан, 6-уы Тәжікстан Республикасының азаматтары.

Аталған азаматтардың барлығы полиция бөлімдеріне жеткізіліп, 23 шетел азаматы жергілікті соттың шешімімен ел аумағынан аластатты. Ал, қалған 45 шетел азаматтары бойынша сотқа дейінгі іс-құжаттар дайындалып жатыр.

Айта кетейік, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия маңызды мәселелерді талқылады

Альфия Адамбек

Шерзаттың өліміне қатысты іс: күдіктілер өз кінәсін мойындаудан бас тартуда

berdaly_oraz

Жеңістің 80 жылдығына орай Райымбек Сейтметов театрында жаңа қойылым көрерменге жол тартты

Пікір жазу