Түркістан: Аэровизуалды шолу жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Асқар Тулешев облыс аумағындағы сел, сырғыма қауіпті участкелерге аэровизуалды шолу жұмыстарын жүргізді. Аймақта табиғи апаттың алдын алу, сел, сырғыма кезеңін қауіпсіз өткізу іс-шаралары  жалғасуда.

Сайрам-су, Өгем, Балдыберек, Ақсу шатқалындағы теңіз деңгейінен 2500-3520 метр биіктіктегі мұздақ көлдер бақылауға алынды. Тексеру нәтижесі бойынша ұсынымдар мен тексеру актісі дайындалуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Ұқсас жаңалықтар

Полиция күдіктілерден 12 мыңнан астам «Трамадол» таблеткасын тәркіледі

Альфия Адамбек

Астанада құрылыс нысанынан 2 млн теңгенің құрал-сайманы ұрланды

Redaktor Arysinfo

Леңгірде әйелді үйінде таңға дейін ұрып-соққан: екі күдікті ұсталды

Redaktor Arysinfo