Астанада құрылыс нысанынан 2 млн теңгенің құрал-сайманы ұрланды

дереккөз фото: turkystan.kz.

Астанада полицейлер құрылыс нысанынан шамамен 2 миллион теңгенің құрал-сайманын ұрлады деген күдікпен 40 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу мәліметінше, күдікті құрылыс алаңына еркін кіріп, ешкімнің көзіне түспестен қымбат құрылыс жабдықтарын жасырын алып кеткен. Ұрланған заттардың қатарында Bosch маркалы құрылыс шаңсорғышы, бұрыштық тегістеуіш, бұрағыш, электр бұрғысы және құрылыс қоспалары болған.

Оқиға салдарынан жәбірленушіге елеулі материалдық шығын келтірілген.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны қысқа мерзім ішінде қолға түсірді. Қазір оның ұрланған мүлікті сатып үлгерген-үлгермегені және осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция құрылыс компаниялары мен азаматтарға құрылыс нысандарын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтап, бағалы құрал-саймандарды қараусыз қалдырмауға және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге кеңес береді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында кәмелетке толмаған баланы ұрлап, 5 млн теңге талап еткен күдіктілер ұсталды

berdaly_oraz

Негізгі ҰБТ-да алғашқы 140 балл жинаған түлек анықталды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта телефон арқылы сөйлесті: Қазақстан мен Еуропа Одағының қарым-қатынастары талқыланды

berdaly_oraz