Полиция күдіктілерден 12 мыңнан астам «Трамадол» таблеткасын тәркіледі

Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс – қимыл басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі заты бар «Трамадол»дәрілік препаратын сақтау мен тасымалдау дерегіне қатысты күдікті екі адамды анықтап, ұстады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

 Нақтырақ айтсақ, полицейлер Түлкібас ауданының «Алматы-Шымкент» тас жолында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары, екі ер адам отырған «Lada» автокөлігін тоқтатты. Аталған көліктің жүксалғышын тексеру кезінде «Трамадолдың» 12 000-нан астам таблеткасын тауып, тәркіледі.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Күдіктілер қамауға алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Созақта соғыс майдангеріне құрмет көрсетілді

Президент Жолдауы – Жаңа дәуірге қадам

Redaktor Arysinfo

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҒАСЫР ЖАСАҒАН СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

berdaly_oraz