ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Түркістан облысы, Келес ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мемлекет басшысының білім саласындағы инфрақұрылымды жетілдіру тапсырмасымен жүзеге асып, құрылысы жүргізілген жаңа білім нысанының ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысты. Жаңа жыл қарсаңында есігін айқара ашқан білім ұясы 300 орынға лайықталған.
Жиналған жұртты білім мекемесінің ашылуымен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары, жаңа мектептің ішін аралап көрді. Заман талабына сай салынған ғимаратта пәндік кабинеттер, спорт залдары мен асхана, медициналық бөлме бар. Барлығы қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мұнда 379 оқушы білім алады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Александр Лукашенко жетінші мәрте Беларусь президенті болып қайта сайланды

berdaly_oraz

Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту мәселесі күн тәртібінде

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ І СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo