«Qamqor» мобильді қосымшасы заңсыз тексерулерге жол бермейді

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі кәсіпкерлердің құқықтарын, оларды тіркеу сатысында тексерулерді тағайындаудың негізділігін зерделеу арқылы заңсыз тексерулерден қорғау болып табылады, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Бұл бағытта халық пен кәсіпкерлердің мемлекеттік бақылау органдарына деген сенімі артып келеді. Осы сенімді нығайта түсу және негізсіз тексерулерге тосқауыл қою мақсатында Комитетпен арнайы «Qamqor» мобильді қосымшасы әзірленіп, пайдалануға берілді.

«Qamqor» мобильді қосымшасын әрбір азамат ұялы телефондары мен гаджеттеріне «Google Play» және «Appstore» қосымшалары арқылы тегін жүктеуге қол жетімді.

«Qamqor» қосымшасы – ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен іске қосылған құқықтық цифрлық құрал. Ол кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға өз объектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау аясында жүргізілетін тексерулердің заңдылығын тексеруге, бақылауға және тіркеуге мүмкіндік береді, яғни тексерудің шынайы тіркелгендігін анықтап, заңсыз тексерулердің алдын ала алады.

Қосымшаның басты артықшылықтары мен қызметтері:

1) Қосымша арқылы пайдаланушы өз кәсіпорнына немесе мекемесіне қатысты қандай тексерулер  жоспарланғанын немесе жүріп жатқанын біле алады;

2) Қосымшада әрбір тексерудің құқықтық негізі көрсетіледі, яғни тексеру актілері мен қорытындыларын көре алады;

3) Кәсіпкер немесе азамат тексерудің заңсыз екенін байқаса, бірден прокуратураға шағым түсіре алады;

4) Қосымша тексерулерге байланысты актілерді, қорытындыларды және басқа да құжаттарды цифрлық форматта сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тексеру туралы ақпаратты, тексеру актісінің тіркеу нөмірін толтырып, qamqor.gov.kz портал ақпараттық қызмет арқылы алуға болады.

Қазақстанда цифрландыру үдерісі барлық салаларға еніп келе жатқанда, құқықтық сала да бұл өзгерістерден тыс қалмады.

Цифрландыру дәуірінде мұндай бастамалар азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Кәсіпкерлік – Қазақстан экономикасының негізі. Кәсіпкерлер өз жұмысын кедергісіз жүргізу үшін ең алдымен құқықтық тұрақтылық пен мемлекеттік органдардың ашықтығын қалайды.

#заң_және_тәртіп
#закон_и_порядок

 

Ұқсас жаңалықтар

Арыстағы тұқымбақ тәжірибесі басқа аудандарға ұсынылды

Монтайтастық келіншек Ақдала ауылдық Мәдениет үйінде өткен «Сырлы жеңге, сұлу қыз» байқауынан 1-орын иеленді

berdaly_oraz

Түркістан облысында егістікті ағын сумен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

berdaly_oraz

Пікір жазу