АУЫЛ – ӘР ҚАЗАҚТЫҢ АЛТЫН БЕСІГІ

Түркістан облысы Арыс қаласы Жиделі  ауылдық округінің әкіміне үміткер

ӨМІРЗАҚОВ МӘДИ ӘРІПҰЛЫНЫҢ

ӨМІРДЕРЕГІ:

Өмірзақов Мәди Әріпұлы, 11.11.1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы  Шардара ауданы, Байырқұм ауылында дүниеге  келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты қазақ.

Білімі жоғары.  Отбасылы.

Екі қыз, бір ұлы бар.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

  • 10.1998-25.02.2010 ж.ж ӨК «Дос» төрағасы, Жиделі ауылы;
  • 07.2001-10.11.2008 ж.ж ЖШС «Жиделі-мақта» меңгеруші, Жиделі ауылы:
  • 02.2010-05.06.2021 ж.ж ӨК «Дос» кеңесшісі.
  • 07.2021 жылдан бастап бүгінге дейін Арыс қаласы Жиделі ауылдық округ әкімі лауазымын атқарып келеді.

ҮМІТКЕРДІҢ  САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

  • 2026 жылы Жиделі ауылдық округі Жиделі және Аққала елді мекендері бойынша 10 көшеге жарық шамдар орнату, аяқ жолдар салу және 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төсеу;
  • Жиделі елді мекеніндігі ашық спорт алаңшасын күрделі жөндеуден өткізу;
  • Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын дамыту;
  • 2026 жылы Жиделі елді мекеніне жастардың салауатты өмір салтын сақтау мақсатында спорт кешенін, Аққала елді мекеніне балалар ойын алаңшасын салу;
  • Жиделі ауылдық округіне қарасты 3-К-1, 3-К-2, 3-К-3 каналдарын күрделі жөндеуден өткізіп, халық игілігіне беру;
  • Жиделі елді мекеніндегі ауыз судың сапасын арттыру. Жиделі ауылдық округі бойынша жарық бағаналарын және тоқ өткізгіш сымдарын жаңарту;
  • 2027-2028 жЫлдары аз қамтамасыз етілген отбасыларға тиісті көмектер көрсетуді ұйымдастыру, 2029 жылға қарай ауылдық округтегі автомобиль жолдарының сапасы 83,2%-дан 95%-ға жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу.

Кандидат қосымша қаржыландыру көздері арқылы:

  • 2026-2027 жылы Жиделі елді мекенінің әл-ауқатының артуына;
  • Елді мекендердің жарықтандырумен және ауылды көгалдандыру қамтамасыз етуге
  • Ауылдан шыққан танымал тұлғалардың мəдени-рухани мұрасын насихаттауға;
  • Халықтың әлеуметтік осал топтарына, аға буын өкілдеріне қолдау көрсетуге;
  • Жастарды рухани-патриоттық тәрбиелеуге;
  • Отбасылық құндылықтар мен салауатты өмір салтын насихаттауға күш салады.

Түркістан облысы Арыс қаласы  Жиделі ауылдық округінің әкіміне үміткер Өмірзақов Мәди Әріпұлының сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.

Ұқсас жаңалықтар

ЖАСЫЛ МЕКТЕП – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН БІРЕГЕЙ ЖОБА

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында Сауран аудандық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына күдікті ер адамды ұстады

berdaly_oraz

Түркістан облысының әкімі инвесторлармен кездесті