Шымкентте 3 жастағы бала биіктен құлап мерт болды

Шымкентте 3 жасар бала жоғарғы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шымкент қаласының Тұран шағынауданында қайғылы жағдай болды. Көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатындағы терезеден 3 жасар бала құлап кетті.

Ауыр жарақат салдарынан сәби оқиға орнында көз жұмды.

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. 3 жастағы баланың нешінші қабаттан құлағаны әлі белгісіз.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте жүргізуші куәлігін сатқан қылмыстық топ ұсталды

Альфия Адамбек

Алматыда Жириновскийдің ескерткіші ашыла ма?

berdaly_oraz

«Шу қаласынан шу шықты»: Дәрігерлер жүкті әйелдің мәйітін жертөледе жасырған

berdaly_oraz