Ордабасыда жылына 30 мың тонна алюминий өнімдерін өндіретін зауыт салынуда

Ордабасы ауданында БАҚ өкілдері бірінші кезекте «Бадам» индустриалды аймағында орналасқан «CENTRAL ASIA ALUMINIUM COMPANY» ЖШС-ң жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорында алюминий профильдері өндірілмек, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қазір таңда құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі жүруде. Жобаның жалпы құны — 4,4 млрд теңге. Онда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Жылдық қуаттылығы — 30 мың тонна.

Сондай-ақ, сапар аясында БАҚ өкілдері Ордабасы тауындағы «Бірлік» монументіне барды. Қазақтың үш биіне арналған ескерткішті көріп, оның аумағында атқарылып жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда монумент туристер үшін танымал орынға айналып келеді. Айта кететін жайт, бұл тарихи кешен демеушілер есебінен салынған.

Журналистер баспасөз туры барысында аудан ортылығы Темірлан ауылындағы «Этно ауыл» кешенінде туризм саласындағы 2 ірі жобамен танысты.  Олардың бірі — елімізде теңдесі жоқ «AIR CRAFT» жобасы. Бұл жоба аясында Шұбар ауылдық округіндегі 54 гектар аумақта ұшқыштар даярлау және ұшақтарды шығару бойынша жұмыстар атқарылуда. Жобаның жалпы құны 1,5 млрд теңге. Аталған жоба аясында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, аудан орталығында бір мезетте 300 адамға дейін қызмет көрсететін «Темірші» демалыс аймағы таныстырылды. Аталған орын жеке кәсіпкердің өз қаражатына салынған. Қазіргі таңда 30 адам тұрақты жұмыс істеуде.

Ұқсас жаңалықтар

В Туркестанской области за счет возвращенных активов население обеспечено качественной питьевой водой

Redaktor Arysinfo

Таза Қазақстан: Сарыағашта сенбілік жұмыстары белсенді өтті

berdaly_oraz

Түркістан облысында заңсыз жүк тасымалына қарсы рейд жүргізілді

berdaly_oraz